Талғардағы трагедияда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың сүйіктісі еске алу тақтайшасының жанына хат қалдырып кеткен, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат ТикТок әлеуметтік желісінде кеңінен тарады. Видеоны 2 миллионға жуық адам тамашалаған.
Хатта сүйіктісі Шерзатқа ғашықтық хатын жолдаған.
”Сағынып кеттім, жаным сол. Сенсіз қалай өмір сүремін?”, — деген жолдары бар.
Оқырмандар жарыса пікір қалдырды. Олардың көбі Шерзаттың сүйіктісіне жандары ашып, жыламауға, әрі қарай өмір сүруге талпынуға мотивация берді.
ПІКІР ЖАЗУ