АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Джо Байденді Ресейдің ядролық әлеуетінен қорқып, Украинадағы қантөгісті тоқтата алмады деп айыптады. Бұл туралы “ozgeris.info” порталы хабарлайды.
Соңғы уақытқа дейін Ресей билігінің ЛХР және ДХР тәуелсіздігін тану шешімін «тамаша» деп атаған Трамп Ресейдің Украинадағы әскери операциясын сынауға кірісті.
«Ол жерде болып жатқан апат… Біз бұл ессіздікті тоқтатуымыз керек…», — деді ол Флоридадағы жақтастарының митингісінде.
Бұған қоса, Трамп егер ол президент болса, Украинада қақтығыс болмайтынын айтты.
«Егер мен президент болсам, бұл оқиға ешқашан болмас еді… Біз Ресей президенті Владимир Путинмен көп сөйлестік. Ол ешқашан мұны жасамас еді. Ол Вашингтонның әлсіздігін көрді», — деді экс-президент.
“Ол Украинаға қару-жарақ жеткізу үшін несие алды. Мен оларға Javelins (Жавелин танкке қарсы зымыран жүйелері – ред.) жіберген адаммын… Оларға жүздеген қаруды жібердім, ал Обама мен Байден (бұрынғы президент және вице-президент) тиісінше оларға көрпе жіберді», — деді Трамп.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ