Өз қызына азғындық жасаған Ақтөбе тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген ер адам босатылғаннан кейін отбасының басқа мүшелері болмаған кезде 13 жасар қызына қатысты азғындық әрекеттер жасаған. Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, оны кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын төтенше жағдайдағы күзет мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды»,– деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ