Жәдел жәрдем қызметінің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

Елімізде жедел жәрдем қызметі 4-санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы ықтимал, — деп хабарлайды Ozgeris.info.

Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

4-санаттағы шақыртуға адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың (жіті немесе созылмалы аурудың асқынуы) өршуі жатады.

«Денсаулық сақтау министрлігі 4-санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 барады, ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді», – деп жазылған құжаттың жобасында.

ДСМ бүгінгі тариф жедел медициналық қызметтің барлық шығынын жаппай отырғанын атап өтті. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүр.

«Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстау тиімсіз, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі», – деп жазылған құжаттың жобасында.

Осылайша, министрлік жедел жәрдемді шақырту уақытына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Өзгеріс қолдау тапса, 4-санаттағы шақыртуға мамандар қоңырау түскен сәттен бастап 120 минут ішінде баруы шарт.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!