Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтың кезеңі аясында Ливияға қарсы ойнап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
D тобындағы екі құрама арасындағы матч 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан командасы сапынан Ақжол Дәрібай (15-минутта), Біржан Оразов (17), Жахангир Рашит (18) және Альберт Ақбалықов (35) гол салды. Ал Ливия құрамынан 17-минутта Мохамед Хамис мергендік танытты.
Қазақстан құрамасы биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Испанияға қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең ойнаған еді. Бұл матчта қазақстандық ойыншы Біржан Оразов жылдам гол соғып, тарихи нәтиже тіркеді.
Қазақстандық футзалшылардың топтық кезеңдегі келесі ойыны 21 қыркүйекте Жаңа Зеландия командасына қарсы өтеді.
Фото: kff.kz
ПІКІР ЖАЗУ