Маңғыстау облысындағы полигондағы оқу-жаттығуы кезінде бір сарбаз ауыр жараланды, деп хабарлады ozgeris.info тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 7 қыркүйекте Оймаша полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқу-жаттығу жиыны кезінде болған. Сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші қарауыл лейтенанты ПМ 9 мм тапаншасынан рұқсат етілмеген оқ атып, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.
Оқ жарақатын алған сарбаз жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, жолда сағат 17:40 шамасында қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өлім қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан болған.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
ПІКІР ЖАЗУ