«Холандқа мүмкіндік бермедік». Станислав Черчесов Норвегияға қарсы ойын туралы

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

УЕФА Ұлттар Лигасы аясында жасыл алаңда Қазақстан және Норвегия құрамалары кездесіп, ойынды тең есеппен аяқтады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы орайда ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов ойыннан кейін тілшілерге сұқбат берді.

Қайырлы кеш! Жаңа жолымызды бастадық. Жаңа лига, жана деңгей. Біздің басты мақсатымыз – жоғары нәтижеде дайындық жүргізу және қарсыластарымыздың осал тұстарын зерттеу. Бүгін жігіттерді сәтті бастамамен құттықтадық. Ойынмен біраз жұмыс істеу керек. Көрермендерге мың алғыс! Словенияға дайындықты бастадық,- деді Черчесов.

Қай тұстарымызды жақсартсақ болады? 

Әзір ешнәрсе айта алмаймын. Ойынның бейнежазбасын көргеннен кейін ғана қорытынды шығара аламын. Ауыспалы фазаларда қорғаныс пен шабуылға әрекет етуіміз керек. Допты жоғалтып алуға болмайды. Ойыннан ойынға күшейе түсеміз деген ойдамын.

Ойын барысында әжептәуір күш жұмсадыңыздар. Словенияға қарсы матчта ойыншылар шаршап қалмай ма? 

Кімнің қандай жағдайда екенін бақылаймыз. Құрама сапында 25 ойыншы бар. Олар кәсіби мамандар. Үшінші күні де ойнай бере алады. Бәлкім, тактикалық тұрғыдан өзгеріс еңгізетін шығармыз.

Холандтың ойыны жайлы не айта аласыз? Оған қарсы төтеп бере алдық па? 

Марочкин, Қасым және Әліп мықты ойын көрсетті. Оған еркін кеңістік пен допты айласынан асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл ойын біздің жігіттерге іштей сенімділік ұялатады деген үміттемін.