Қазақстан — Норвегия футбол ойыны сенсациямен аяқталды

Фото: instagram.com / kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңында Норвегиямен кездесті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бүгін, 6 қыркүйекте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Норвегия құрамасына қарсы матч өткізді. В дивизионында өнер көрсететін қос құрама Алматыда кездесті.

Қазақстан мен Норвегия арасындағы ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Бұл матчта Қазақстан құрамасы қарсылас команда қақпасына 5 соққы жасады. Ал Норвегия құрамасы Игорь Шацкий қақпасына 20 соққы бағыттады.

Норвегияға қарсы екінші ойын 11 қарашада өтеді.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте ұлттық құрама Словенияға қарсы кездесу өткізеді. Бұл матч Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында Астана уақыты бойынша сағат 23:45-те болады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)