Қаңтар оқиғасы кезінде 230 қазақстандық қаза тапқан, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
“Сол оқиғалардың құрбандарына келетін болсақ. Ел бойынша барлығы 230 адам қаза тапты. Оның ішінде 19-ы әскери және қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.
Алматыда азаматтардың көбі көз жұмған. Олардың саны – 139.
Бүгінгі таңда біз кездейсоқ оқ тиген 20 азаматтың көз жұмғаны туралы нақты білеміз. Оның 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Таразда.
Олардың арасында айқас оттың астына түскендер, бүлікшілердің қолынан қаза тапқандар, сондай-ақ блок-бекеттерде әскери талаптарға бағынбағандар да бар», — деп мәлімдеді Асылов.
ozgeris.info порталы
ПІКІР ЖАЗУ