Qazaq Air тарихқа кетті: енді ол VietJet Kazakhstan деп аталады

фото: skytraxratings.com

Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы ресми түрде қызметін тоқтатты. Оны Вьетнамның SOVICO Group компаниясы сатып алып, атауын VietJet Kazakhstan деп өзгертті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Syrym Itkulov Telegram арнасына сілтеп.

Жаңа атау Қазақстан мен Вьетнам арасындағы бизнес-форумда жария етілді.

Бұл жолаушыларға қалай әсер етеді?

  •  Qazaq Air-ды вьетнамдық VietJet Air сатып алып, толық басқаруға алды;Компанияның 38 млрд теңге қарызын вьетнамдықтар өз мойнына алды;
  • Есесіне Қазақстан 20 жаңа Boeing 737 Max 8 немесе Airbus A321 ұшағын алады, олар ел ішінде тіркеледі;
  • Президент Тоқаев бұл мәмілені ASEAN елдерімен стратегиялық әріптестіктің жарқын мысалы деп атап, оны жай ғана жекешелендіру емес, жаңа даму кезеңі деп бағалады.

Айта кетсек, елімізге Вьетнам басшысы, коммунистік партияның бас хатшысы То Лам ресми сапармен келді.