Футзалдан Қазақстан құрама командасы Иранды жеңді

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрама командасы Әлем чемпионаты алдындағы жолдастық кездесуде Иранды жеңді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Кездесу Астанадағы «Сайран Аренада» өтіп, 4:1 есебімен үй иелерінің пайдасына аяқталды. Қазіргі таңда қазақстандықтар ФИФА рейтингінде сегізінші, ирандықтар төртінші орында.

Жеңімпаздар қатарында Жахангир Рашит (15 минут), Дуглас Жуниор (16), Ақжол Дәрібай (22) және Шыңғыс Есенаманов (27) бар. Иран құрамасының жалғыз голының авторы Хоссейн Тайеби болды.

1 қыркүйекте командалар тағы бір жолдастық кездесу өткізеді. Шара «Сайран Аренада» өтіп, жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 басталады.

Әлем чемпионаты алдындағы соңғы жолдастық кездесуді Қазақстан құрамасы 8 қыркүйекте Алматыда өткізеді. Команда Аргентинамен Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында кездеседі, басталуы — жергілікті уақыт бойынша 19:00.