Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа комақты ақшалай сыйақы табысталды. Бұл туралы Ozgeris.Info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дзюдошы Жансай Смағұловтың Instagram Stories-іне сүйенсек, «Жеңіс» дзюдо клубының өкілдері Қарағандыда Олимпиада жүлдегерлерін марапаттаған.
60 кг салмақта алтын медаль жеңіп алған Елдос Сметовке 50 млн, оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке 10 млн теңгенің сертификаты табысталған. Сондай-ақ Парижде қола жүлде еншілеген Ғұсман Қырғызбаевқа (66 кг) 15 млн теңге сыйақы берілген.
Бұдан бөлек ұлттық құрама мүшесі Жансай Смағұловқа (-73 кг) 4 бөлмелі пәтер, тағы бір дзюдошы Ислам Бозбаевқа (-100 кг) 3 бөлмелі пәтер сыйға тартылды.
Кеше, 27 тамызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовті І дәрежелі «Барыс» орденімен, ал Ғұсман Қырғызбаевты «Парасат» орденімен марапаттаған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ