«Германиядан диагнозым келді»: депутат Ермұрат Бапидың жағдайы белгілі болды

Бапи
Видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің қазіргі жағдайы белгілі болды. Германиядан диагнозы келді, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі KYN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы саясаткер Болат Әбілов Ермұрат Бапидан сұрап білді.

«Жақында ғана Германиядан оралған Ермұрат Бапимен сөйлесіп отырмыз. Берлиндегі «Шарите» клиникасындағылар Ерекенің ағзасынан «Новичокты» (улайтын затты) таппады», – деді ол.

Өз кезегінде Бапи да жағдайының жақсы екенін мәлімдеді.

«Әзірге денсаулығым дұрыс, бірақ Германиядан диагнозым келді. Енді емделуге баруым керек», – деді ол.