Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғайтын шетелдік спортшыларды сатып алуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика. Әр елде легионерлерге көңілі көншімейтіндер табылады. Әрине, өз спортшыларымызды дайындауымыз керек. Қажет жағдайда шетелден тәжірибелі жаттықтырушыларды тартып, олардан үйреніп, өз спортшыларымызды даярлау қажет», — деді Серік Сәпиев елордада Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алу сәтінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын 80-ге жуық спортшы қорғады. Олардың арасында басқа елде туып, Қазақстан атынан барғандары бар. Өкінішке қарай, легионер спортшылардың нәтижесі өте төмен. Бірде-біреуі жүлдеге іліккен жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ