Желіде 1992-2009 жылдар аралығында Қазақстан құрама командасында жаттықтырушы ретінде қызмет еткен Александр Апачинскидің Бекзат Саттарханов туралы айтқан сөзі тарады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ол өз сөзінде Бекзат Саттархановтың дарынды боксшы болғанын айтқан.
«Қазақстанда енді Геннадий Головкиннен артық боксшы болмайды деген әңгімелерді кейде құлағым шалып қалады. Головкиннің орнын басатын жігіттер табылады. Бірақ Бекзат Саттархановтың орнын басатын боксшы табылмайды. Бекзат бір шақырым жүгіріп келіп, 50 рет жаттыққан кезде оның жүрек қағысы бір минутта қалыпқа келетін. Бұндай кардио жүзден бірінде ғана болады. Ол жігітті жақсылап дайындағанымызда 12 емес 20 раунд шаршамай бокстасып шығар еді. Бекзат — тума талант. Оны жүрек қағызын тексерген дәрігерлер де мойындайды», деді жаттықтырушы.
Естеріңізге сала кетейік, Александр Апачинский 2013 жылы қайтыс болды.
ПІКІР ЖАЗУ