Өзбек боксшысы Тайвань елінен келген трансгендермен жұдырық түйістіруі мүмкін. Бұл туралы ақпарат weekly.uz инстаграм парақшасында тарады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
2-тамызда өзбекстандық боксшы Ситора Турдибекова Лин Юйтинмен шаршы алаңға шығады. 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында бақ сынаған трансгендер 2023 жылы Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында олар гендерлік сынақтан өте алмады. Алайда биыл өтіп жатқан Париж ойындарына қайта келді.
Бокстағы трансгендерлер 57 салмақта өнер көрсетеді. Қазақстан атынан 57 салмақта жұдырықтасатын Карина Ибрагимова қалды. Демек, қазақстандық спортшы шаршы алаңда бұрын еркек болған әйелдермен жұдырықтасуы мүмкін.
Бұған дейін 2023 жылы өткен Азия ойындарында да осындай жағдай болғаны туралы сыбыс тарады. Қазақстан Бокс федерациясының сол кездені ресми өкілі Аян Төлеген Карина Ибрагимованың «еркекпен» айқасқа түскенін айтқан болатын.
«Бірнеше жекпе-жекте төрешілер тарапынан келеңсіз әрекеттер байқалды. Қазылар бағасының бізге қарсы қойылуы шешуші рөл атқарды. Мәселен, Карина Ибрагимованың финалдағы қарсыласы «ер адам» деген күдік бар. Дәлірек айтсақ, оның әрекетінен еркекке тән әрекеттер көбірек байқалған. Каринаның өзі де онымен жұдырықтасу қиынға соққанын баса айтты», – деді ресми өкіл.
Бұдан бөлек Италиялық боксшы Анджела Карини Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан бас тартты. Ол биологиялық жынысы ер адамен кездеспейтінін айтты. Бүгін 1/8 финалда 66 келіге дейін салмақта Анджела Карини Алжир спортшысы Иман Хелифпен кездесті. Бірінші раундта Анджела екі ауыр соққы алды. Осыдан кейін ол жекпе-жектен бас тартты. Италиялық спортшы рингтен көзіне жас алып шығып кетті.
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) өкілі Марк Адамс баспасөз мәслихатында Олимпиада ойындарына жіберілген боксшыларға қысым көрсетпеуге шақырған. Айтуынша, спортшы талапқа сай келеді.
«Ал қазір оларды стигматизациялау дұрыс болмас еді. Олар Токиода өнер көрсетті. Олар -әйелдер, бұл жеткілікті», — деді Адамс.
Айта кетейік, былтыр Хелиф гендерлік тесттен өтіп, әлем чемпионатына қатыстырылмаған. Соған қарамастан Халықаралық Олимпиада комитеті биыл рұқсат етті.
Жалпы ХОК алжирлік боксшы Имана Хелиф пен тайваньдық Лин Юйтиннің де қатысуын мақұлдады.
ПІКІР ЖАЗУ