Сәкен Бибосынов түрік боксшысын ойсырата жеңді

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Боксшымыз Сәкен Бибосынов (51 кг) түрік қарсыласы Самет Гюмюшті айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға шықты, – деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Есеп: 5-0. Келесі кезеңде Сәкен Хасанбай Дусматов (Өзбекстан) пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады.

Айта кетейік, Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Әлем чемпионы және қола жүлдегері. Ал Самет болса Еуропа ойындарының күміс жүлдегері (2023), Еуропа чемпионы (2024).