Қазақстанда несие пайызы төмендеді – Ұлттық банк

несие
Фото: bugin.kz

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіп иелерінің теңгемен алған несиесі бойынша орташа өлшемді мөлшерлеме 20,4% құрады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

ҰБ мәліметінше, жеке тұлғалардың банктегі несиесі бойынша ставкалар төмендеген. Алайда екінші ай қатарынан заңды тұлғаларға арналған несиелер пайызы өсімді көрсеткен.

«Мамырда жеке тұлғалар мен жеке кәсіп иелерінің теңгемен алатын несиесі бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме 20,4% құрап, бір айда 0,4 п. п. жоғалтты. Әртүрлі мерзімді қарыздардың ішінде сегменттегі ең төменгі деңгей 3 айдан бір жылға дейін (19,6%), ал несиелердегі ең жоғары деңгей 1 айға дейін (34,7%)», — делінген хабарламада.

Жеке тұлғалар мен кәсіп иелері үшін теңгедегі депозиттер бойынша орташа өлшенген мөлшерлеме аздап төмендеп, сәуір деңгейіне 13,6% дейін төмендеген.