Батыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам қайтыс болды

апат
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Апат салдарынан 4 адам көз жұмды.

«Мой город» басылымы жантүршігерлік жол апатының 22 маусым күні таңертең Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының маңындағы Самара – Шымкент тас жолында болғаны туралы ақпарат таратты.

«Лада Приораның» 43 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Мазда» шетелдік көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы ауыр жарақаттар алды», — делінген хабарламада.