Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзінің қол сағаты және жұмыс киімге байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сағатты 2 миллион деуі асыра айтылған және бізде форманы өз ақшасына сатып алу деген жоқ. Біз өз құтқарушыларымызды тегін киіммен қамтамасыз етеміз. Әрине, мүлдем жаңа емес, бірақ қамтамасыз етіледі, – деді Әрінов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
БАҚ өкілі министрдің сағаты қанша тұратынын сұрады.
“2 миллион теңге тұрмайды. Қанша тұратынын нақты білмеймін, маған сыйға тартылған стандартты сағат, – деп жауап берді министр.
ПІКІР ЖАЗУ