Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығының жобасына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандары, сондай-ақ әкімдік аппараттарының мемлекеттік қызметшілері 100 АЕК (369 200 теңге) көлемінде жәрдемақы алатын болады.
Сондай-ақ ауылдарға қоныс аударушылар баспана сатып алу немесе тұрғын үй салу үшін 2500 АЕК-ке дейін (9,2 млн теңге) бюджеттік несие ала алады. Несие мөлшері мамандардың қайда көшкеніне, яғни ауданның әкімшілік орталығына немесе басқа ауылдық елді мекенге байланысты берілетін болады.
Сонымен қатар қызмет көрсетушілерге әлеуметтік қолдау шараларынан бас тартуға мүмкіндік беретін ереже алынып тасталды.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- мамандардың өтініш берген кезде мерзімі өткен несиелері және соңғы екі жылда үлкен берешектері болмауы керек.
- үміткерлер сұранысқа ие мамандықтардың бірі бойынша жұмыс істеуі керек және соңғы екі жыл ішінде тиісті ауданда немесе қалада атында болмауы тиіс.
Бұйрық жобасы 21 маусымға дейін қоғамдық талқылауға қолжетімді болады.
ПІКІР ЖАЗУ