Еске сала кетсек, Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева өзінің әлеуметтік желісінде оның түрмеден шыққанын жазып, видеосын жариялаған болатын.
«Сотталушы М. Төребаев 27 мамырда колонияға оралды, қазір мекемеде жазасын өтеп жатыр»,- деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.
Кейін Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушы Мейіржан Төребаевтың неге үйіне жіберілгенін түсіндірді. Ол анасының сырқатына байланысты қысқа мерзімді демалыс алған.
Айта кетейік, былтыр маусым айында Мейіржан Төребаев Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша кінәлі деп танылып, сот үкіміне сәйкес, ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Осы жылдың басында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді. Алайда апелляциялық сот вайнерлерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
ПІКІР ЖАЗУ