Қазақстанның Украинаға қолдауын көргенде көзімнен жас шықты — Врублевский

Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский ulysmedia.kz ақпарат құралына сұхбат берді деп хабарлады turkystan.kz.

Ол интервьюде соғыс туралы біраз мәлімет беріп, Қазақстаннан Украинаға жіберіліп жатқан гуманитарлық көмекке алғыс білдірді.

– Сенбі күні қазақтар Украинаға арнап жылу жинай бастағанын естідім. Таңертең ғана 2 млн теңге турасында әңгіме болып жатқан. 15-20 минуттан кейін қарасам, әлгі сома өсіп, артынша оған сағат сайын 1 млн теңгеден қосылып, кешқұрым 10 млн теңгеден асып кетті. Ал бүгінге дейін 50 млн теңгеге дейін ақша жиналыпты. Адамдар өзіне қажетті дәрі-дәрмекті Украинаға апарыңдар деп тапсырып жатыр екен. Сіздерге керегірек депті. Осыны көрген кезде көзімнен жас шығып кетті, – деді ол.