Қызылорда облысының жолдарында аптап ыстықта жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Қызылорда облысы аумағында асфальт жол жабындысының бұзылуын болдырмау үшін республикалық жолдардың бірқатар бөлігіне уақытша шектеу енгізіледі.

Қызылорда облысында асфальт жол жабындысының бұзылуының алдын алу үшін жалпы пайдаланылатын республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар бөлігінде уақытша шектеу енгізіледі.

«Бұл шектеу «Самара-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырымына әрбір білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық, «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ» автожолының 12-24 шақырымына әрбір білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына қатысты болып отыр. Аталған талап биылғы жылдың 1 маусым-31 тамыз аралығында сақталады. Ауа температурасы +25˚С градустан асқан жағдайда сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін уақытша шектеу енгізіледі. Халықаралық жүк тасымалына, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік тасымалдайтын автомокөліктерге шектеулер қойылмайды. Сондай-ақ, мұндай жеңілдік төтенше жағдайларды жоюға және алдын алу жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыратын көліктерге де жасалады», — деді «ҚАЖсервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Әлиакбар Мырзабай.

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...