Суға батып бара жатқан Талдыкөл. Атырау облысында «Үлкен су» ауылды қоршап алды

Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Елді мекенді су басу қаупін төндіре отырып, су тасқыны жалғасуда. ТЖМ хабарлағандай, жергілікті тұрғындар қауіпсіз аудандарға көшірілді.

Құстардың ұшу биіктігінен түсірілген суреттерде үйілген бөгеттің Жайық өзенінің қысымын қалай тежеп отырғаны көрінеді. «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша соңғы тәулікте өзендегі су деңгейі тағы 4 см көтеріліп, 984 см-ге жетті, Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, бірақ ауылды қайта су басу қаупі сақталып отыр.

13 мамырда жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталды. Бірінші кезекте осал тұрғындарды: жүкті әйелдерді, балалар мен қарттарды эвакуациялайды. Ауыр науқастар үшін Денсаулық сақтау басқармасы бақылайтын арнайы эвакуациялау алгоритмі әзірленді. Атырауда эвакуацияланғандарды орналастыру үшін APEC Жоғары колледжі мен Dana қонақ үйінде уақытша тұру пункттері дайындалды.