ТЖМ хабарлағандай, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидробекеттерінде деңгей шектен асып кетті. Бұл ретте одан әрі өсу күтілуде. Су тасқынына қарсы үйілген бөгеттер Жайық өзенінің төгілуін тежейді.
ҚР ТЖМ құтқарушылары қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізеді.
Сондай-ақ, ведомство еліміздегі ағымдағы жағдай туралы хабарлады.
Бүгінгі таңда 54703 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялық пункттерде 5291 адам қалып отыр, оның 2239-ы балалар.
«11134 тұрғын үйден және 3350 аула аумағынан су шығарылды. 18,5 млн м3 еріген қар суы сорылды, 7,7 млн қап және 1,5 млн тонна инертті материал төселді «, — деп хабарлады ТЖМ.
ПІКІР ЖАЗУ