Түркиядағы іріктеу турнирі: Дінмұхаммед Қошқар Олимпиада жолдамасына таласады

Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық грек-рим шебері Дінмұхаммед Қошқар Париж олимпиадасының жолдамасына таласады.

67 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз бірінші жұбаныш белдесуінде ресейлік қарсыласы Аслан Висаитовтан басым түсті. Ал екінші жұбаныш белдесуінде Азия чемпионатының қола жүлдегері қытайлық Лей Лидді 10:0 есебімен таза ұтты.

Енді қазақстандық балуан Олимпиада жолдамасын сарапқа салатын белдесуде египеттік Мохаммед Ибрахим Елсайедпен белдеседі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әйелдер құрамасы түгелімен қарсыластарына жол беріп, ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, бүгінгі уақытта күрес түрлерінен Олимпиада ойындарына 7 жолдама бар. Оның 4-еуін грек-рим күресінің өкілдері иеленсе, 3-еуі – еркін күрес шеберлерінің еншісінде.

Өкінішке қарай балуан қыздарымыз әлі бірде-бір жолдамаға қол жеткізе алған жоқ.

Түркияда өтіп жатқан әлемдік турнирде әр салмақтан үздік үштікке енген балуандарға Париж Олимпиадасының жолдамасы табыс етіледі.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре