Атырау-Орал трассасынан Индерборға баратын 7 шақырым жол жабылады. Индер ауданы әкімдігінің мәліметінше, бүгін кірмежолды уақытша жабу туралы шешім қабылданған.
«Атырау-Орал тасжолынан Индербор кентіне дейінгі 7 шақырымдық жолды су басу қаупі туындады. Осыған орай кірме жол жабылады», — деп хабарлады аудандық әкімдіктен.
Атырау облысының жедел штабының мәліметіне сүйенсек, бүгін, 10 мамырда Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілген. Мәселен, түсқайта сағат 16:00-де Индербор кентінің тұсындағы су деңгейі 1019 сантиметр болған. Бұл қауіпті шектен 174 сантиметрге көп.
Фото: Индер ауданының әкімдігі
ПІКІР ЖАЗУ