Барлық мемлекеттік қызметтер үшін қазақстандықтарға енді бір ЭЦҚ беріледі, ол авторизациялау үшін де, қол қою үшін де пайдаланылатын болады.
«ЭЦҚ кілттерін алу, сақтау және пайдалану рәсімдерін оңтайландыру және процестерді оңтайландыру үшін жеке және заңды тұлғаларға МЕМСТ алгоритмінде бір кілт беріледі, ол авторизациялау үшін де, қол қою үшін де пайдаланылады», — делінген eGov Telegram-каналында.
Негізгі өзгерістер келесідей:
- Авторизациялау мен қол қоюға арналған екі тіркеу куәлігінің орнына енді тек біреуі ғана шығарылатын болады;
- МЕМСТ 2015 алгоритміне көшкенге дейін бұрын шығарылған барлық ЭЦҚ олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталатын болады;
- Мобильді қосымшада МЕМСТ 2015 жаңа стандартын пайдалану үшін eGov Mobile-ды жаңарту қажет.
ПІКІР ЖАЗУ