Атырауда медицина қызметкеріне шабуыл жасалды. Оқиға 1 мамырда түнгі сағат 3.40-та орын алды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция жедел жәрдем қызметінің әйел фельдшерін ұрып-соғуға күдікті 20 жасар адамды анықтап, ұстады. Ол үшін жедел жәрдем шақырылды. Наркологиялық сараптама нәтижелері бойынша күдіктінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
ПІКІР ЖАЗУ