Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, сәуір айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,1% -ға — бір доллар үшін 442,05 теңгеге дейін нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 225 млн доллардан 234 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,1 млрд долларды құрады.
«Сәуірде республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан валюта сату 1056 млн долларды құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 21% -ын құрады және күніне 48 млн доллардан аспайды. Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды жүргізуді білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді «, — делінген хабарламада.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк сәуір айында биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды, оның жалпы сомасы 500 млн долларды немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10% -ын құрады.
Ұлттық банк сәуір айында валюталық интервенция жүргізген жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ