Әнші Құрмаш Маханов бұрын қосылмай кеткен махаббатына тағы ән арнады деп хабарлайды «ozgeris.info».
Ол «Dope soz»-ге берген сұхбатында ән арнаған ғашығы басқа азаматқа тұрмысқа шығып, Тараз қаласында тұрып жатқанын айтты. Құрмаш Маханов осы ретте көпшіліктің жүрегінен орын алған “Жан сырым” әнінің қалай дүниеге келгенін айтты.
“1997 жылы Алматыда Сейфуллин Жолбарыспен бірге пәтерде тұрдым. “Қазақконцертке” жұмысқа орналастым. Сейфуллин екеуміз бір-бірімізге кешкісін жазған әндерімізді тыңдататынбыз. Бір күні осы әнімді тыңдаттым. Ол осындай әнге сай келетін әуені бар екенін айттты. Тыңдап көрдім де, “бұл ән менікі болады” дедім. Солай “Жан сырым” өмірге келді. Мен әдетте бір әнді бір жылға жуық жазатын едім. Осы әнді 2,5 ай дегенде жазып шықтым. Себебі бір қыздың туған күнінен арнауға асықтым”, – деді әнші.
Құрмаш Маханов ол қызбен кештердің бірінде танысыпты. Әңгімесі жарасып, әлгі қызбен бес жыл кездескен.
“Мен оның туған күніне осы әнді жазып апардым. Екеуміз осы әнге вальс биледік. Кейін де үйлену тойларда осы әнге бәрі вальс билейтін болды. 1997 жылдан бері қанша уақыт өтті. Бәрі біледі. Ол қызға бұдан бөлек 4 әнімді арнадым. Жақында ғана бесінші әнімді арнап шығардым. Екеуміз қосылған жоқпыз. Мен басқамен қосылдым, ол басқаның етегінен ұстады”, – деді әнші.
ПІКІР ЖАЗУ