Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен облыстарында БЖБ мен ТЖБ-ны ішінара алып тастағысы келеді
Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары үшін БЖБ мен ТЖБ ішінара жойылады. Зардап шеккен тағы екі облыста әлі шешім қабылданған жоқ, деп хабарлады ОКҚ.
«Зардап шеккен өңірлердің оқушылары үшін емтихан мерзімі қайта қаралды. Бұған дейін Ақтөбе және Атырау облыстарында ағымдағы бақылау (БЖБ мен ТЖБ) жүргізу тоқтатылған болатын. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында зардап шеккен елді мекендерде БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау туралы шешім қабылданды.
Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында шешім жағдайға байланысты қабылданады «, — дейді ресми өкіл Мереке Амангелдіқызы.
ПІКІР ЖАЗУ