Алматыда 17 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірішулер қызыл жалынның таралуына жол бермеді.
Төтенше жағдайлар министрлігіндегілердің мәліметінше, қалалық ТЖД күштері мен құралдары 6 наурыз сағат 22:44-те Бостандық ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрттің жоғары дәрежедегі шақыртуы бойынша жұмылдырылған.
Төтеншеліктер 7-ші қабатта орналасқан пәтерде үй заттарының жанып жатқанын анықтаған. Баспалдақтардың тұтануы байқалған. Қызыл жалын аумағы — 40 шаршы метр.
Тұрғындардың кейбірі өздері сыртқа шығып үлгерген. Ал іште қалғандарын құтқарушылар өрт сөндіру техникасының автосатысы арқылы эвакуациялады.
Өрт сағат 23:08-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ПІКІР ЖАЗУ