Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты.
Оңдасын Оразалин жиынға қатысушылардың назарын Президент тапсырмаларының сапалы әрі уақытылы орындалуына аударды.
«Мемлекет басшысы алдымызға халықтың әл-ауқатын көтеруге, жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар қойып отыр. Барлық тапсырмаларды тиімді орындау мақсатында еңбек нарығын, кедейлік пен тұрмыс деңгейінің көрсеткіштерін, халықтың кіріс-шығындарының құрылымын әбден талдап, нақты ұсыныстар беруіміз керек»,- деп атап өтті облыс әкімі.
Сондай-ақ, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту , кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, халықтың өзекті проблемаларын шешу жұмыстары күшейтілетіні атап өтілді.
ПІКІР ЖАЗУ