Қытай бір жылда автомобиль өндірісі мен оларды сату бойынша рекорд орнатты

Қытайдың автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының жариялаған мәліметінше, 2023 жылы елде автомобильдер өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 30,161 миллион және 30,094 миллионға жетіп, тиісінше 11,6% және 12%-ға өскен.

Бір жылдағы өндіріс пен сатылым бойынша рекордтық деңгейге жеткен, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».

Олардың ішінде жаңа энергетикалық көлік құралдарын өндіру және сату 9,587 млн және 9,495 млн-ға жетіп, тиісінше 35,8%-ға және 37,9%-ға ұлғайды, ал нарық үлесі 31,6%-ға жеткен.

Қытайлық БАҚ-тың келтірген мәліметіне сүйенсек, қазір электромобильдер Қытай автокөлік өнеркәсібінің маңызды бөлігіне айналып, экспорт бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген. 2023 жылдың соңында, Қытайдың өз маркасы Бивайди (BYD) дүниежүзіндегі ең үлкен электрлік көліктер жасайтын кәсіпорынға айналды.

Болашақта Қытай дүниежүзінде ең көп көлік эспорттайтын елге айналуды мақат етіп отыр.

Фото: weixin.qq

ӨЗГЕРІС