Шымкентте бейімдеу орталығынан жоғалған қыздар Алматыдағы хостелден табылды.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі қаңтардың 14-і кешке белгісіз бағытта кетіп қалған. Жоғалғандарды іздеуге полиция басқармасының жеке құрамы жұмылған. Тәртіп сақшылары көрші аймақтардағы әріптестеріне қыздардың суретін, сыртқы келбеті мен киімдері сипатталған бағыттамаларды жолдады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер бір тәулік ішінде қыздарды Алматы қаласынан аман-есен тапты.
ПІКІР ЖАЗУ