ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде майнинг және оның энергия жүйесіне әсері, электр энергиясының тапшылығы және Энергетика министрлігі қабылдаған шаралар туралы баяндады.
«Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға әлеуеті жеткілікті. Біз өндірілетін табиғи уран бойынша әлемде бірінші орындамыз. Бізде ядролық отынның құрамдас бөліктерінің өндірісі бар, сонымен қатар біздің елде уран изотоптарын байыту қызметтеріне қол жетімді»,– деді ол.
Брифинг барысында ведомство басшысы 2021 жылға дейін жүргізілген статистикалық талдауға сәйкес елімізде электр энергиясын тұтыну жылына орта есеппен 2%-ға өскенін, ал өткен жылы тұтыну өсімі өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 6,1%-ға артқанын атап өтті. Бұл ретте Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағында бұл көрсеткіш 12% -ды құрады.
Қазіргі уақытта халық үшін энергия шектеуге байланысты ауыр салдарларға жол бермеу мақсатында Жүйелік оператор күнделікті негізде барлық қажетті шараларды қабылдауда. Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізді.
2022 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Цифрлық майнингтің заңсыз жұмыс істейтін субъектілерін анықтау және оларға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
ПІКІР ЖАЗУ