Франция үшін қазақ мектептерінде француз тілін оқыту өте маңызды. Бұл туралы Франция президенті Эмманюэль Макрон айтты.
Мен мәдени байланыстың нығайғанын қалаймын. Біз қарым-қатынасымызды осы қырынан дамытқымыз келеді… Мысалы, бізге қазақ мектептеріне француз тілін оқытудың қайта оралуы өте маңызды. Жағдайды өзгерту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Біздің білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге көп үміт ортамыз, — деді ол Ақордада өткен кездесуде.
Сондай-ақ Эмманюэль Макрон жоғары білім саласында да байланысты нығайту керектегін атап өтті.
«2024 жылғы қыркүйектен бастап Француз-қазақ университеті жұмысын бастайды. Студенттік байланыстың да дамуы, біздің студенттерге арналған стипендияның болуы өте маңызды. Сондай-ақ сіздің Парижде Қазақстанның мәдени мұрасына арналған көрме өткізу туралы бастамаңызды қолдаймыз. Гиме музейінің төрағасы менімен бірге келді. Келесі жылы біз көрмені өткізу жағын талқылап жатырмыз», — деді ол.
Франция президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты саммитке шақырды.
Бізде One Planet Summit өткізу сынды өте қызық бастама бар. Осы саммиттің аясында сізді келесі жылы Париж бейбітшілік форумына серіктес болуға шақырамыз, — деді Эмманюэль Макрон.
ПІКІР ЖАЗУ