«Жас шекарашы» студенттік клубы

Маңғыстау туризм колледжінде «Жас шекарашы» студенттік клубы жұмыс істейді. Аталған клуб өз жұмысын 2020 жылы бастаған. Қазіргі таңда запастағы майор Алмас Тохтахунов студенттік клубтың жұмысын үйлестіріп, студенттерге патриоттық тәрбие беріп, әскери қызмет жайлы ақпараттармен таныстырып жүр.

 

Себебі клуб жетекшісі Алмас Амутович бұған дейін шекара қызметінде жұмыс істеген. Ал 15 жылдан бері Маңғыстау туризм колледжінде жұмыс істеп келе жатыр. Айтуынша, «Жас шекарашы» клубы студенттердің патриоттық сезімін оятуға, әскери қызметтің жауапкершілігі мен маңызын түсінуге мүмкіндік береді.

«Студенттердің қызығушылығы жоғары. Әр жыл сайын 25 студенттік осы клубқа шақырамыз. Содан кейін теориялық, практикалық түрде оқытулар жүргіземіз. Кейде өңірдегі әскери бөлімшелерге барып, ашық есік күніне қатысып, экскурсия жасаймыз», — дейді студенттік клуб жетекшісі Алмас Амутович.

Бұдан бөлек жыл сайын ауған соғысының ардагерлерімен кездесу, әскери теңіз техникалардың қалай жұмыс істейтінін көрсету сынды шаралар ұйымдастырылады. Алдағы уақытта мұндай шараларды әрі қарай ұйымдастыру жалғасады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...