19 қыркүйек Медеу аудандық сотында Төлен Тоқтасынов пен Ғалымжан Жақиянов арасындағы кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды «Өзгеріс».инфо ақпараттық-сараптамалық порталының тілшісі»Адырна»сайтына сілтеме жасап
Сот отырысына тағы да талапкер Ғалымжан Жақиянов келмеді.
Сот барысында Жақиянов тарап “Адырна” ұлттық порталы мен сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне шағым түсірді. Жақияновтың өкілдері судья Ақпаевтан «бұқаралық ақпарат құралдарына ақпаратты бұрмалаудың және тараптардың бірінің мүддесін лоббилеудің алдын алу туралы түсінік беруді» сұрады. Шағым “Адырна” ұлттық порталына және Жақияновтың келмеуіне баса назар аударған басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілген.
Дегенмен, сот “жауапкердің редакциялық саясатын журналистер өздері анықтайды” деген уәжбен келісе отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Бұл баспасөзге қысым болуы мүмкін екенін айтпағанда, талапкердің өзі «Адырнаға» сұхбат беруден бас тартып отыр.
Осы тұста, “Адырна” ұлттық порталы екі тарапқа да ашық екенін ескертеді. Ғалымжан Жақиянов мырзадан сұхбат алуға «Адырна» қашанда даяр. Тіпті, Төлен Тоқтасыновпен бірге ашық әңгімеге шақырады.
Айта кетейік, қаңтар айында Төлен Тоқтасыновтың «Адырнаның» ютуб арнасына берген сұхбатынан кейін, Жақияновқа “Адырна” ұлттық порталы алаң ұсынып, сұхбат беруін сұраған болатын. Алайда ол оған оң жауабын бермей, «Адырна» порталының үстінен арыз тастап үлгерді.
Ал сот отырысы тағы да кейінге қалдырылды. Бұл сотталушының сот құзыретін Алматы қаласының Экономикалық сотына беру туралы өтінішімен негізделген. Судья «сот процессі Алматы қаласы бойынша арнайы экономикалық сотына жіберіліп, қаралсын» дегенді қабылдамай, Тоқтасыновтың заңгерлерінің осы шешімге келіспеуімшілік арызын қарауы керек.
Осылайша, сот процесі әлі де жалғасын табады. Келесі сот отырысы қазан айының үші күні өтуі мүмкін.
ПІКІР ЖАЗУ