28 тамызда Алматыда Mercedes жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус аялдамасында жеті адамды қағып кетті.
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді.
Зардап шеккендердің бесеуі түрлі жарақаттармен Алматының қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Ал үшеуі амбулаториялық емделуге жіберілді.
«Бір науқаста сол жақ жамбасының және ол жақ білектің жабық сынуы бар. Екінші науқастың миы шайқалды. Сол жақ балтырдың жіліншік кондилінің жабық импрессиялық сынуы байқалды. Олар травматология бөліміне жатқызылды», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ екі жасөспірім Алматының балалар жедел жәрдем орталығына жеткізілді.
Барлық жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша екі бала да нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды.
«15 жастағы балаға жабық бас сүйектің жарақаты, мидың шайқалуы, жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. Екінші бала 16 жаста, оған жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ жіліншіктің ортаңғы үштен бірінің жабық сынуы диагнозы қойылған», – деп қорытындылады мамандар.
Алматы полициясының баспасөз қызметінде жол-көлік оқиғасы фактісі Алмалы ауданы ӨБ қызметкерлерімен тіркеліп, өндіріске қабылданғанын атап өтті.
ПІКІР ЖАЗУ