Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлмен татамиде белдесіп, бірнеше рет әдісіне түсіп қалды. Бейнежазбаны Сметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды msports.kz.
«Алғашқы бапкеріммен 5 жасымда күресіп, ұта алмай жылап қалушы едім. Әлі күнге ұта алмай келемін», — деп жазды дзюдошы.
60 келі салмақ дәрежесінде белдесетін қазақстандық дзюдошы алғашқы бапкері жайлы әркез айтып жүреді. Олимпиада ойындарынан кейін Т.Рысқұлов ауданына барғанда жерлестері сыйлаған көлікті Ахмет Жұмағұлға тарту еткен еді.
ПІКІР ЖАЗУ