Еліміздің басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 19 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында күн күркірейді, жаңбыр, бұршақ жауады.
Республика бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының оңтүстігінде, Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.
ПІКІР ЖАЗУ