ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру бағытындағы мәселелер қаралды деп хабарлайды Ozgeris.info порталы Ukimet Telegram арнасына сілтеме жасай отырып.
Отырыста сөз сөйлеген Премьер-министр туризм саласының айтарлықтай әлеуетке ие екенін және оның ел экономикасының өсуіне тың серпін бере алатынын атап өтті.
Қазақстан – бай тарихи мұрасы бар, табиғаты көркем, мәдениеті мен салт-дәстүрі терең ел. Ұлан-байтақ жеріміздің түкпір-түкпірінде туристерді қызықтыратын көптеген көрікті орындар бар. Сондықтан туризм экономиканың дамуына серпін беретін маңызды салаға айналуы тиіс. Бұл бағыттағы мүмкіндігіміз зор, – деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, соңғы бес жыл ішінде елімізге келетін туристер саны 7,5 есеге артқан. 2023 жылы Қазақстанға 15 миллионнан астам адам саяхаттап келген.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру