Американдық жұлдыз Дженнифер Лопестің ресми кеңсесі оның осы жазға арналған қойылымдарының кестесін жариялады деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Tengri Life порталына сілтеме жасай отырып.
Хасеновтің сөзінше, Лопестің концерті коммерциялық негізде ұйымдастырылады. Бұл Астананы А категориясындағы жұлдыздардың гастрольдік картасында ашады.
Біз концертке 15 мыңнан аса турист келеді деп болжап отырмыз. Осылайша экономикалық әсері айтарлықтай болады. HoReCa жүйесіне үлесі 6,5 миллиард теңге, ал салық түсімдері 400 миллион теңгеден асады, – деп қосты Хасенов.
Дженнифер Лопес Астанада 1 тамызда өнер көрсетеді. Қазақстанның астанасына ол Up All Night әлемдік туры аясында Әбу-Дабиден келеді.
JLo концерті «Астана Аренада» өтеді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру