2025 жылдың қаңтарында сот ер адамға анасының қауіпсіздігі үшін оған жақындауға және қоңырау шалуға тыйым салған. Алайда, ол соттың талабын бұзып, анасын балағаттаған.
Шу аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпанда ер адам мас күйінде анасын қорлағаны үшін қайта жауапкершілікке тартылған.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындады, бірақ анасы ұлына қатаң жаза беруді сұрап, оның өзіне үнемі тіл тигізетінін айтты.
«Сот қаулысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген сот хабарламасында.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру