Илон Маск Канаданы «жалған ел» деп атады

Bloomberg

Илон Маск Канада азаматтығынан айыруды талап еткен петицияға реакция білдірді. Бұл құжатқа қазірдің өзінде 230 мыңға жуық адам қол қойған.

Миллиардер әлеуметтік желідегі жазбасында бұл талапқа қарсы жауап ретінде Канаданы «жалған ел» деп атады. Оның бұл мәлімдемесі желіде қызу талқыланып жатыр.

Петиция авторлары Маскты Канада азаматтығынан айыруды «елге пайдасы жоқ» деп түсіндірген. Бірақ оның расында Канаданың азаматы ма, жоқ па – бұл сұрақ ашық күйде қалып отыр.