Америка өз басымдықтарын қайта қарастырып жатыр. Трамп әкімшілігі жексенбі күні АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) 2000 қызметкерінің жұмыстан босатылғаны және 1000-ға жуық қызметкерін ақысыз демалысқа жіберілгені туралы электрондық хаттар жіберді.
The New York Times газеті алған электрондық поштаның көшірмесіне сәйкес, бұл ережеден тыс тек «сыни бағдарламаларда» жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ «негізгі басшылығы» және «арнайы әзірленген бағдарламаларды» қолдайтын қызметкерлер болады.
Журналист Азамат Ерғалиев бұл туралы пікір білдірді.
«Бұл жолы жаһандық деңгейде Дональд Трамп мен оның бас қаржы сарапшысы Илон Маск либералдарға жойқын соққы жасады. USAID агенттігі жылдар бойы «демократиялық құндылықтарды» насихаттау үшін миллиондаған долларды жан-жаққа шашып келген. Нәтижесінде 2000 қызметкер жұмыстан шығарылды, тағы 1000 адам ақысыз демалысқа жіберілді. Енді бүкіл әлемдегі “еркіндікті жақтаушылар” абдырап қалды», — деді ол.
АҚШ жылдар бойы салық төлеушілердің есебінен қаржыландырылып келген жобалардың ертеңі не болады? Қазақстанда да бұл агенттіктің арқасында бірқатар жобалар іске асып келген.
USAID және ҚАЗАҚСТАН
USAID Қазақстанда тек ашық жобаларды қаржыландырып қана қойған жоқ, дейді журналист Азамат Ерғалиев. Иә, денсаулық сақтау, көлік, ауыл шаруашылығы және азаматтық қоғамды қолдау сияқты жобалар бірден көзге көрінеді. Алайда бұл агенттіктің екінші, көлеңкелі жағын ұмытпаған жөн.
«Естеріңізде шығар. Жасөспірім ЛГБТ өкілдеріне арналған сайт туралы дау болған еді. Бұл америка қаражатының түсіп отырған жобаларының бірі ғана. Бұдан бөлек, қазақ қоғамына жат идеяларды насихаттау және тарату үшін тікелей грант алып отырғандар да болды. Иә, бұл өте шулы оқиғаға ұласты, тіпті есімлері де белгілі болды. Ата-ана ретінде мен мұндай “құндылықтарды” гуманитарлық көмек атты жамылып біздің қоғамға іріткі салғанын қаламаймын», — деп пікір білдірді журналист.
АҚШ өзінің сыртқы саясатын қайта қарастырып жатыр. Ақ үй идеологиялық соғыстан бас тартып, нақты ресурстарға, технологияларға және геосаясатқа көбірек мән беруге көшті.
Ал Қазақстан не таңдайды?
Біздің қоғам өзіне тән емес бөтен идеологиядан бас тарту керек. Қазақстан өз ұлтына, мәдениетіне тән даму моделін қолға алатын сәт туды. Ең маңызды сұрақ – біз осы процесті басқаруға дайынбыз ба?
ПІКІР ЖАЗУ