Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?

Фото: видеодан скрин

Мәжілістің кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты жүргізіліп жатқан істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талғардағы адам өліміне қатысты тергеу барысы толықтай бақылауда. Өздеріңіз білетіндей, барлық тұлға ұсталды, оларға бірқатар айып тағылды. 15 қазан күні ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен Алматы облыстық прокурорының қатысуымен брифинг өтті. Тергеу барысы толық баяндалды. Бір айтарым, қайтыс болған баланың әкесіне қатысты іс қозғалған жоқ. Өртке қатысты іс те тергеліп жатыр, сараптама тағайындалды, — деді ол.

Бұған дейін ІІМ іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатқанын алға тартқан.